Алматылықтар заңнамалық көмекті тегін ала алады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тұрғындары «Adaldyq Alany» жобалық офисі аясында заңнамалық көмектерді тегін ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Әділет департаментіне сілтеме жасап.

26 қараша күні Зенков 47 мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратта нотариус, мемлекеттік және жекеменшік сот орындаушылары, «Азаматтарға арналған Үкімет» өкілдері, қалалық Әділет департаменті өкілдері тегін кеңес беретін болады.

Бұл жиынға кез-келген азамат қатысып, нотариалды және адвокаттық қызмет, зияткерлік меншік, жылжымайтын мүлікті тіркеу, азаматтық хал актілері, сот актілерінің орындалу тәртібі, департамент қызметкерлерінің этикасы бойынша сауалдарын қоя алады.