Бұл оқиға жайлы Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында Елена Бономанко баяндады. Ол 8 маусымда Жандосов көшесінің бойындағы №36 үйдің ауласында жол талғамайтын көлік жүргізушісі әйелді қағып кеткенін айтты.
«8 маусымда шамамен сағат 14.00 Жандосов көшесінің бойындағы №36 үйдің ауласында жол талғамайтын көлік басқарған жас жігіт кейуананы қағып кетті. Жылдамдықты асырып, артқа қарай жүрген. Ол әйелдің айқайлағанын естімеген. Абырой болғанда, қарияны басып кетуге темір қоршау кедергі келтірген. Оның сөзіне қарағанда, жігіттің аты-жөні Роберт Пак», - деп жазады Е.Бономанко.
Пост авторы жігіт туыстарына келгенін айтты. Оқиғадан кейін жігіт әйелге «шу шығармауны» сұраған.
Жазба авторының айтуынша, әйелдің үш қабырғасы сынған және өзге де жарақаттар алынды.
«Ол жүре алмайды, түнде жарақаттары ауырып қиналады. Роберт, егер ар-ұятың болса, жігіт болсаң, жазаңды тарт!», - деп жазды алматылық.