Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Шолпан Әли палата және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары жарақаттанғандар үшін Қалалық қан орталығына қан тапсыру шешімін қабылдағанын айтты.
«Бейжайлық танытпаған тұрғындарды қазір дәрігерлердің көмегімен өмір үшін арпалысып жатқандарға жәрдемдесуін сұраймыз. Барлығымыз фотоны көрдік, жарақат ауыр, көп қан жоғалтқанын түсінеміз. Жарақаттанғандардың көбінің жанұясы, балалары, бар деген ойдамыз», - деп жазды ол Facebookтегі парақшасына.