Акция барысында жетекші онкологтар халыққа тегін кеңестер берді және теріде пайда болған жараларды зерттеді. Бұл акция Бүкіләлемдік тері ісігі мен меланомаға қарсы күрес күніне орайластырылды.
Алматы онкологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, тері қатерлі ісігі мен меланомамен ауыру ерлер арасында да, әйелдерде де алдыңғы қатарға шығып отыр. Тері меланомасы барлық тері ауруларының ішінде өлімге жиі соқтыратын сырқатқа айналып отыр және жас адамдардың арасындағы кең таралған онкологиялық аурулардың бірі.
«Проблеманың өзектілігі сонда, тері қатерлі ісігі жасарып келеді және жас адамдардың арасында да өрістей түсуде. Тері меланомасын емдеуде жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Яғни таргеттік препараттардың көмегімен ісікті азайтуға болады және ол ісік жасушасына тікелей бағытталады және терінің басқа жерлеріне зиянсыз, яғни ол дөптеп емеу. Теріде жаңадан пайда болған қатерлі ісікті ерте бастан анықтаса, оны емдеп жазуға болады», - деді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова.
Ресми мәліметтерге қарағанда, ҚР-да тері меланомасы сырқаты 100 000 адамға 1,8 оқиғаны құрайды.