Алматылықтарды шошытқан гуіл себебі анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өткен түнде көптеген алматылық әлеуметтік желіде оғаш гуілге шағымданған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кейіннен аталған оғаш гуілге ЖЭС-2-дегі бу шығару себеп болғаны анықталып отыр.

«Алатау ауданында сағат 23-00-ден 23-30-ға дейін ЖЭС-де бу шығарылды. Бұл жұмыс процесі, 5 минуттан 1 сағатқа дейін соылады. Осыған орай Алматыда қатты гуіл естілді», - деп атап өтеді Алматы қалалық энергия тиімділік және инфрақұрылымды дамыту басқармасының баспасөз қызметінен.

Алматы электр стансасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 желтоқсаны күні сағат 22-40-та жоспарлы қыздыру барысында ЖЭС-2 қазандық агрегаттың сақтандыру қақпашасы өздігінен ашылып қалған. Ақау жөнделіп, қазандық агрегат іске қосылды. Құрал-жабдық зақымданған жоқ. Станса штаттық режиде жұмыс істеп жатыр.