Анықталғандай, жігіт интернеттен кездейсоқ адамдардың мәліметтерін тауып алып, бірнеше ай бойы олардың атынан тауарлық несие рәсімдеп келген.
Несие мақұлданғаннан кейін ол қымбат телефондарды алып, үшінші тұлғаларға сатып жіберген.
«Полицияға бес азамат арызданды, күдікті олардың атынан «Iphone» маркалы ұялы телефондарды рәсімдеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергелуде», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Келген шығын көлемі шамамен бір жарым миллион теңге.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.