Бостандық ауданы әкімімен өткен жиында тұрғындарын өз талаптарын жеткізді.
«Бұқар жырау бульвары мен Минин көшелерінің арасындағы 1,26 гектар аумақта көппәтерлі тұрғын үй кешені мен 900 орындық мемлекеттік орта мектеп салу жоспарда»,- деп жауап берді Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы агенттік жолдаған сауалға.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қазіргі таңда «Қалқаман-2», «Қайрат», «Дархан», «Мәдениет» және «Нұркент» шағын аудандарында 7500 орындық 5 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ Наурызбай ауданына қарасты «Шұғыла» шағын ауданында 2400 оқушыға арналған екі жекеменшік мектеп салынуда.