Алматылықтардың сақтандыру жарнасы 73 млрд теңгеден асты
«Алматы қаласы республика бойынша жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан көш бастап тұр – жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша, оңтүстік астананың еншісінде. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 30-шілдесіне дейінгі аралықта Алматы қаласынан Қорға 73,8 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 63,4 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 10,4 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндерге тиесілі», - деді филиал директоры Тлеухан Әбілдаев
Сондай-ақ, бірыңғай жиынтық төлеушілер саны да артып келеді. Алматы қаласы бойынша 2019 жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 185 мыңнан астам адам 275,8 млн теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеген.