«2022 жылы тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтуға 30,2 млрд теңге бөлінген болатын. Тегін медициналық көмек пакеті бойынша 215 мыңнан астам пациент, МӘМС қаражаты есебінен 215 мыңнан астам ересек пен 38 мыңнан астам бала дәрі-дәрмек алды»,- дейді ол.
Спкердің сөзінше, 2023 жылға 23 млрд теңгенің дәрі-дәрмегін сатып алу жоспарда.
«Дәрілік заттар жыл басынан бері бекітілген кесте бойынша жеткізіліп жатыр. Жалпы, пациенттер тегін дәрі-дәрмекке қатысты мәліметті «СК-Фармация» ЖШС-нің 1439 байланыс орталығы арқылы біле алады»,- деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде барлық дәрілік заттар тегін беріледі.