31 тамыз бен 17 қыркүйек аралығында түнгі сағат 03:00-ден таңғы сағат 7:00-ге дейін Алматының 8 ауданы аумағында жылу желілері сынақтан өткізіледі.
«Қауіпсіздік шараларына қарамастан жердің бетіне су немесе будың шығуы, жол жабынының бұзылуы сияқты штаттан тыс жағдайлар болуы мүмкін»,- деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.
Жылу желілерін сынақтан өткізу кестесі (көшелер бойынша) мына жерден танысуға болады.
Аталған аумақтарда тұратын барлық тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды.
Гидравликалық сынақ қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілерінің жағдайын бағалау және құбырлардың проблемалық учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі.