Алматылықтарға жылу жүйесін жөндеу кезіндегі ережелер ескертілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 18-27 маусым аралығында құбыр желілері жөнделеді. Осыған орай «Алматы жылу жүйесі» ЖШС тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күнтізбеге сәйкес 18 маусым сағат 4-тен 19 маусым 8-ге дейін Абылай хан - Бөгенбай батыр - Мұратбаев - Мақатаев - Сейфуллин - Тобаяқов - Назарбаев - Мәметова - Уәлиханов - Әйтеке би көшелерінде жылу жүйелерінің гидравликалық сынақтары өтеді.
Сондай-ақ, 20 маусым күні сағат 4-тен 22 маусым сағат 8-ге дейін Әйтеке би - Панфилова - Есентай өзені - Желтоқсан - Тимирязев - Қазыбек би - Байтұрсынов көшелерінде, 22 маусым сағат 4-тен 25 маусым сағат 8-ге дейін Гоголь - Курганский - Сатпаев - Чайковский - Панфилова - Луганский көшелерінде, 25 маусым сағат 4-тен 27 маусым сағат 8-ге дейін Сейфуллин - Рысқұлов - Жангелдин - Райымбек - Куратов - Гоголь көшелерінде құбыр желілері жөнделеді.
«Оқыс жағдай бола қалған жағдайда өз бетіңізше әрекет жасамай тұрып, 378-06-65 нөміріне хабар беріңіздер. Жұмыс барысы туралы қосымша ақпараттар alts.kz сайтында жарияланады. Алматы жылу кешенінің алдағы маусымға дайындығын тексеру мақсатында сынақ жүргіземіз. Алайда аталған аймақ тұрғындарына ыстық беру тоқтатылмайды», делінген хабарламада.