деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қала әкімі Ахметжан Есімов фестивалға қатысушылардың шығармашылығы үшін алғысын білдірді. "Алматы еліміздің мәдени, білім беру, ғылыми, қаржы орталығы болған және солай болып қала бермек. Мұнда ең дарынды музыканттар мен артистер тұрады. Осы қаланы жақсы көретіндіктеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді", деп атап өтті қала әкімі.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды «Алматы» әнімен «Мистерионс» тобы алса, «Арнау» дуэті Арман Дүйсенов пен Серік Сейтіманның «Алматым - бақытым» әнін орындап екінші орынды иеленді.