Алматыны гүлдендіру қаланың барлық тұрғынының міндеті - «Жігіттер» тобының әншісі
Бұл пікірін бүгін Алматыда өтіп жатқан жалпықалалық сенбілік аясында Республика сарайы жанында ашылған «Жұлдыздар аллеясына» ағаш отырғызу барысында «Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанаев айтты.
«Шариғатта қандай да бір адам ағаш егіп, барлық тіршілік иесі оның жемісін жеп, саясын қалқаласа да оның сауабы сол адамға тиеді делінген. Сондықтан осындай шараға қатысқанымызға өте қуаныштымыз. Бұл біздің ұлу жылы отырғызып отырған алғашқы ағашымыз», - дейді Е. Қанаев.
Оның айтуынша, өнер әлеміндегі үлкен қадамын Алматыда жасап жатқан жігіттерде қазір мұндай мүмкіндік аз. Ауылда тұрған кездерінде ата-ананың үлгі-өнегесімен мұндай игілікті істен олар ешқашан шет қалмаған көрінеді. Олар мұндай шараларды жиі өткізіп тұру ниеттерін жеткізді, себебі, Алматыны көгалдандыру онда тұрып жатқан барлық адамның міндеті деп біледі.