Алматыны қалың қар басып қалды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшелері қалың қардың астында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаланың орталығында - 20 см, таулы аймақтарда 30 см қар түскен. Синоптиктердің болжауынша, қар түске дейін жауады.

Жасыл экономика басқармасы жауған қарды тазалауға қала көшелеріне 500 астам көлік шығарды.

Мыңға жуық жұмыскер қазір көшелердегі қарды күреп жатыр.

Тұрғындар әлеуметтік желіде тазаланбаған тротуарлар мен қоғамдық көліктердің сирегенін айтып шағым жасап жатыр.

Ал Алматы әуежайында қалың қардың себебінен 11 рейс кестесінен жаңылды.

Соңғы жаңалықтар