Алматыны қалың тұман басты: Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының төменгі бөлігін түннен бері қалың тұман басып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 31 қаңтарда Алматы, Шымкент, Атырау, Балқаш және Жезқазған қалаларында қолайсыз ме теорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қалың тұманға қарамастан Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Әуежайдың баспасөз қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі не еш негіз жоқ екенін атап өтті.