АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыны қалың тұман басып, қала жолдары дұрыс көрінбей қалды. Ал шаһар тұрғындары түрлі аудандардан түсірілген фотоларды әлеуметтік желіге салып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін таңертеңнен бері қаланың кейбір аудандарында қалың тұман байқалады.
Бұған дейін Алматы қаласының ТЖД «Қазгидрометтің» дауылды ескертуіне сүйене отырып 16 наурызға қараған түні тауға тұман түсетінін хабарлаған болатын.
Сондай-ақ, құтқарушылар тұрғындарды тауға барудан бас тартуға, ал тауда қалған туристерді барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырған болатын.
«Қазгидромет» бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауатынын ескерткен болатын.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.