9 ақпан күні кешкі сағат 21:00 шамасында жауа басталған қар 10 ақпан таңғы сағат 04:30-да тоқтады. Қалаға 15 см, таулы аймаққа 20 см қар түсті.
Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға 2380 тонна құм мен тұз шашылды.
Түнгі сағат 03.00-ден бастап жол полициясының патрульдік машиналарының ілесіп жүруімен 19 колонна қар күреді. Қала көшелерінен 390 текше метр қар шығарылды.
Тротуарларды, жалпыға ортақ қоғамдық орындарды, көлік аялдамаларын, жерүсті өткелдерін тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.
Түнгі уақытта 462 арнайы техника мен 339 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша 10 ақпанда күндіз ауа температурасы -1 -3 градус аяз болады, жауын-шашын болмайды, кешке қарай аз көлемде қар жаууы мүмкін.
Фото: Әкімдіктің баспасөз қызметі