Алматының 120 көшесіне жарық шамдары орнатылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматының 120 көшесінде жарық шамдары пайда болды. Жыл соңына дейін Бостандық, Жетісу, Түрксіб және Алатау аудандарындағы 208 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 1073 көшеде жарық шамдары жоқ. Қала шетіндегі 744 көшеге жобалық-сметалыққұжаттама әзірлеу қолға алынды. Оны 2020-2021 жылдары іске асыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, мегополисте 217 көшені ішінара жарықтандырушаралары іске асырылады. Келер жылы осы учаскелерді қосымша жарық шамдарыменқамту жоспарланды.

Барлық аулаларда энергияны үнемдейтін жарық диодты шамдарқолданылады, бұл электр қуатын 15%үнемдейді. Бұдан басқа жарықдиодты шамдардың тағы бір артықшылығы, нысандардыанық көруге мүмкіндік береді.