Алматының 2017 жылы Жазғы универсида ойындарын өткізуге деген талпынысын Азиялық студенттер спорты федерациясы қолдайды - Джанг Хишэн

АЛМАТЫ. 23 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 2017 жылы Жазғы универсиада ойындарын өткізуге үміткерлер арасында Алматы жетекші ұстанымда тұр. Бұл бүгін Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтің Халықаралық (FISU) және Азиялық (AUSF) студенттер спорты федерациялары Атқару комитетінің делегациясымен өткен келіссөздерінде мәлім болды.

Делегацияқұрамында Атқару комитетінің ҚХР, БАӘ, Тайпей, Гонконг, Моңғолия, Сингапур, Жапония, Корея, Иран, Тайланд елдеріндегі мүшелері болды. Қазіргі 2017 жылғы Жазғы универсиада ойындарын өзінде өткізуге үміткер елдердің өтініштері қаралуда. Қазақстаннан оған Алматы қаласы өтініш беріп отыр.

Онда Азиялық студенттер спорты федерациясының президенті Джанг Хишэн қазақтардың қонақжайлылығы мен оның мәдениетінің жоғарылығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ қала әкімшілігін 7-қысқы Азия ойындары мен жақында ғана таэквондодан өткен Азия чемпионатын сәтті өткізуімен құттықтап, бұл ел мен қаланың мүмкіндігін көрсетудегі жақсы тұғырнама екенін айтты.

"Біз сіздерді 2017 жылғы Жазғы универсиада ойындарын өткізуден үміткерлер арасынан көргенімізге қуаныштымыз. Алматы қазіргі таңда ең жоғарғы деңгейде. Спорттық нысандардың сапалы салынуы және Азияда мен өзге де спорттық шараларды өткізудегі жетістіктеріңізді ескере отырып біз сіздердің үміткерліктерізді қолдайтынымызға сенімді болыңыздар", - дейді Джанг Хишэн.

«Біз сіздермен бір құрлықта тұрмыз және оның дамына үлес қосқымыз келеді. Біздің мемлекетіміздің саясаты - барлық елмен белсенді түрде ынтымақтасу. Қазақстан экономикасы дамуда, бұл халықаралық шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді", - деді Ахметжан Смағұлұлы. Оның айтуынша, Алматы 2017 жылғы Жазғы универсиада ойындарына қатысатын болса оны жоғары деңгейде өткізу үшін бәрін жасауға әзір. Қаладағы Азиялық спорттық нысандар халықаралық стандарттарға сай. Ойындарды ұйымдастыру Азия олимпиадалық комитетінен жоғары баға алды. Сондай-ақ Қазақстанның 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу бастамасын Халықаралық Олимпиада комитетінің төрағасы Жак Рогге мырза да қолдап отыр.