Оның айтуынша, қаланың аумағы тарихи жағынан Алматы облысының іргелес аудандарының есебінен ұлғайды. Қазірдің өзінде, 2021 жылы қаладағы жолдардың жалпы ұзындығы 3097 шақырымға жетті. Алматы жолдарының үлесі республиканың барлық қала ішіндегі жолдарының бестен бір бөлігін (17,3%) құрайды.
Күн сайын қалада 700 мыңнан астам көлік жүріп, 1 млн-нан астам адам қатынайды. Магистральды көшелердің ұзындығы 531 шақырым немесе 17%, аудандық маңызы бар көшелер – 594 шақырым немесе 19%, жергілікті көшелер 1972.
Бүгінде жергілікті маңыздағы 298,5 шақырым көше бар, негізінен қалаға қосылған шағын аудандарда әрі оларға асфальтбетон төселмеген. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 80% -дан (2477 км) асады.
2020 жылы ұзындығы 219 шақырым болатын 324 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. 86,6 шақырым тротуар және 40-тан астам аялдамалар жөнделіп, абаттандырылды.
Vision Zero тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Молдағалиев, Мәметова және Әйтиев көшелерінің бойында 14 трапеция тәрізді жасанды кедергілер мен 102 қауіпсіз құрылғылар жасалды.
74 мың адам тұратын 8 шағын ауданда 42,8 шақырым жаңа жол салынды. Олар – Дархан-Байбесік, Алғабас-АЗТМ, Ұлжан-1, Ұлжан-2, Әйгерім-1, Әйгерім-2, Трудовик, Шаңырақ-2 шағын аудандары.