деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аудан әкімінің айтуынша, ауданда заңсыз салынған 4523 үй бар. Оның заңдастырылғанынан бөлек 1600-і су, газ, электр стансылары, зират маңына орналасқандықтан заңдастырылуға жатпайды. Бұл үйлердің иелеріне «Саялы» шағын ауданынан үй салынып немесе жер телімдері берілмек.
Аудан әкімі бұнымен қатар әлеуметтік маңызды жобалардың орындалуы туралы да баяндады. Биылғы жылы 3 жаңа мектеп пен 3 балабақша ашылған. «Жол картасы» аясында ауданға 1 миллиард 430 миллион теңге бөлінген. Бұған 2800 жұмыс орны ашылып, 160 көше жөндеуден өткен. «Ұлжан», «Байбесік», «Шаңырақ», «Ақбұлақ» шағын аудандарына газ жүргізілген. «Қазіргі кезде ауданда заңсыз жер басып алу тыйылды», дейді аудан әкімі. Бүгінде ауданда 158 300 адам тұрады. Бұдан бөлек 50 мыңға жуық пәтер жалдаушылар бар. Ауданның қазіргі кезде даму жобасы жасалынып, жүзеге асырылуда.