Алматының Алатау ауданында 378 алтын алқалы ана тұрады

АЛМАТЫ. Мамырдың 17-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Алматының Алатау ауданында көпбалалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» тапсыру шарасы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысында аудан әкімі 13 анаға «Алтын алқа», 15 анаға « Күміс алқа» тапсырды. Аудан әкімінің айтуынша, бүгінде Алатау ауданы қала бойынша көпбалалы аналардың саны жағынан екінші орында. Алматы қаласы бойынша Әуезов ауданында 400 «Алтын алқа» иегері болса, Алатау ауданында 378 «Алтын алқа» иегері тұрады. Батыр аналарды құттықтаған аудан әкімі ауданның қазіргі жағдайымен таныстырып, болашақ жоспарларымен бөлісті.