Алматының Алатау ауданында жарты жылда заңсыз салынған 500-ден астам құрылыс бұзылды - қала әкімі

АЛМАТЫ. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы қаласындағы Алатау ауданында биылғы жарты жылдың ішінде заңсыз салынған 500-ден астам құрылыс бұзылды.   Бұл бүгін қалалық  мәслихаттың ХХ сессиясында   айтылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         "Өз бетімен салынған құрылыс барлық жерде бұзылып жатыр. Мәселен, Алатау ауданында биылдың өзінде жер телімін заңсыз басып алып өз бетімен салынған 500-ден астам құрылыс бұзылды. Бұл заңдылықты сақтау үшін жасалып отыр. Біз табиғат апатынан зардап шеккендерге көмектестік. Өзгелерге мұндай жеңілдік жасалмайды",  дейді Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов. Оның айтуынша,  қазіргі таңда Алатау ауданы әкімдігінде  жер телімі мен ондағы құрылыстарды рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта енді Түрксіб ауданындағы Бақай ауылындағы тұрғындардың мәселесі де өз шешімін тапқалы отыр.