Бірінші қабатта келушілер Connection Point бөлімінде 5 терминал арқылы қажетті қызметті өздері жасай алады. Мұнда күту залы, балалар алаңы, кеңес берушілер отырады.
Екінші қабатта операциялық бөлімдер мен Алатау ауданының көші-қон полициясының бөлімі жайғаспақ.
Қазіргі таңда Алатау ауданының ХҚКО 700 шаршы метр болатын ғимаратта отыр. Мекеме күніне 500 адамға қызмет көрсете алады.
2016 жылы орталық 800 мыңнан аса қызмет көрсеткен.
Мамандардың айтуынша, жаңа ғимарат қызмет көрсету жылдамдығын үш есе арттыруға мүмкіндік бермек.
16:44, 10 Қаңтар 2017
Алматының Алатау ауданындағы жаңа ХҚКО күніне 1,5 мың адамға қызмет көрсететін болады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Алатау аудандық ХҚКО Универсиада ойындары біткен соң жаңа ғимаратқа көшеді. Ол атлетикалық ауылда ауданы 1260 шаршы метр болатын қосқабатты ғимаратта орналаспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.