Кеңесте: «Энергокешеннің кәсіпорындары 2011 жылдың жөндеу жұмыстарын уақтылы бастап, белгіленген кесте бойынша жүргізіп келеді. «АлЭС», «Теплокоммунэнерго» сияқты энергия көздеріндегі жоспарлы жөндеу жұмыстары да бекітілген кестеге сай жүзеге асуда. Жылу жүйелерін ретке келтіру жұмыстары жылу маусымы аяқталған кезде- ақ қолға алынды. Ал су құбырларының желілерін жөндеу де кестеге сай атқарылуда», -деп атап өтілді.
Бұнымен қатар, ТЭЦ-1-ді табиғи газға көшіру аяқталып қалғандығы айтылды. Биыл Алматыда жеке секторды газбен толық қамтамасыз етуде үлкен жұмыстар жүріп жатыр. Алатау, Медеу және Бостандық аудандарына газ желілері тартылуда.
Жиын соңында кеңесті қорытындылаған қала әкімі Ахметжан Есімов бірқатар тапсырмалар берді. «Аудан әкімдіктері ЖПИК-мен біріге отырып, әр тұрғын үйдің қысқы маусымға дайындығын анықтаулары тиіс. Бұдан өзге, олар коммуналдық қызмет қарыздарын жоюды қамтамасыз етуге міндетті. Білім және Денсаулық сақтау басқармалары аудан әкімдерімен бірге емдеу және білім беру орындарын қысқы маусымға дайындап, автономды жылу көздерін отын резервтерімен толық қамтамасыз етулері қажет. «Самрұқэнерго»Алматы метрополитені үшін салынып жатқан подстанцияны уақтылы пайдалануға беруі тиіс, ал, «АлЭС» энергия көзін жылу маусымына дайындауы тиіс. «Казтрансгаз» қаланы қажетті мөлшерде табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз ететін болсын», - деді қала басшысы.