Алматының Алмалы ауданында әкімшілік ғимараттың шатыры жанып жатыр
09:04, 09 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - 9 желтоқсан күні, түнгі сағат бір жарымда, Алматы қаласының Алмалы ауданында, Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан 4 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырынан өрт тұтанды.
Хабарламаны ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі таратты.
Тілсіз жаудың ошағы 05.59-да жойылды. Оны толығымен ауыздықтау жұмыстарымен қазір Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 77 адамы айналысуда.
Өрт аумағы шамамен 350 шаршы метрді құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.