Алматының әскери қалашығында өрт болып, екі ер адам қаза тапты - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Алматының әскери қалашығында өрт болып, соның салдарынан екі ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Жексенбі, 4 наурыз күні Алматының 13-ші әскери қалашығындағы Красногорская көшесінде салынып жатқан әскери ауруханасының жанында құрылыс вагоны отқа оранды.

Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады. Оқиға орнында есімдері анықталмаған 2 ер адамның мәйіттері табылды.

 Өртті сөндіруге Алматы қаласы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 8 адамы мен 2 техника бірлігі жұмылдырылды.