АЛМАТЫ. ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша атмосфералық ауа көрсеткіштерінің тізбесіне бензапирен құрамының талдауын енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М. Мырзағалиевтің тапсырмасымен «Қазгидромет» 2020 жылдың 1 маусымынан бастап Алматы қаласының атмосфералық ауасында бензапирен құрамына мониториг жүргізуге кірісті. Ауа сынамасы аптасына 1 рет жасалады»,– деп хабарлады «Қазгидромет».
Талдау нәтижиелері «Қазгидромет» әлеуметтік желі парақшалары мен сайтта жарияланады.
Бензапирен – өте улы және адам ағзасына әсері жағынан қауіптіліктің ең жоғары санатына жатады.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.