Орталық бір ауысымда 1200 адамға қызмет көрсете алады. Кезек электронды көрсеткіш арқылы жүзеге асады, күтіп отыратындар үшін 218 орындық та арнайы қарастырылған. Орталықта нотариустің, фотографтың, құжаттарды жинақтаудың, серверлік буфеттің, банктің бөлмелері бар. Екінші қабатта директордың кабинеті, бухгалтерия, 35 орынды конференц-зал, қазақ тілін үйрететін мұғалімнің, психологтың кабинеттері, Әділет мұрағаты, Әділет кабинеті орналасқан. Мүгедек жандарға қызмет көрсететін арнайы 4 терезе де ойластырылған. Орталықта барлығы 148 адам жұмыс істейді.
Жаңа орталықтың ашылуына Алматы әкімі Ахметжан Есімов арнайы қатысты. Ол ашылу рәсімінде халыққа қызмет көрсету сапасының барынша жоғары болуы тиіс екендігін атап көрсетті.