Алматының Әуезов ауданында жөндеу жұмыстарына байланысты суық су беру тоқтатылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда су желісін қалпына келтіру жұмыстарына байланысты бірқатар ықшамаудандарда бірнеше сағатқа суық су өшіріледі. Бұл туралы бүгін «Алматы су Холдингі» мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Алматы қаласының Әуезов ауданында орналасқан № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 10-А, 11, 12-ші ықшам аудандарындағы тұрғын үйлер мен басқа да нысандарда алдағы 26 мамырда таңғы сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін суық су өшіріледі. Бұл, сумен қамту желісіне D=600 мм, D=500 мм и D=400 мм жаңа магистралдық сутаратқыштарды қосу бойынша атқарылып жатқан жоспарлы жұмыстарға байланысты болып отыр», - делінген хабарламада.

Дейтұрғанмен, суық су өшірілген уақыт аралығында аталған аумақтағы денсаулық сақтау және білім беру нысандары су тасушы көліктер арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.