«Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің 101 басқару пультіне сағат 18.11-де Жетісу ауданы Солтүстік айналма 9, мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта жетіп, отқа оранған 4 контейнерді сөндірді. Өрт ошағы 18.40-та сөндірілді. Өртенген аумақ 80 шаршы метр. Жапа шеккендер жоқ», - делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.
18:47, 18 Сәуір 2017
Алматының «Барахолкасында» 4 контейнер өртенді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Барахолка» сауда орындарындағы 4 контейнер отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.