Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, бүгін түскі сағат 13.00-де Алматының барлық ауданында мемлекеттік әнұранды қосу және орындау үшін флешмоб өтеді.
Әкімдік мегаполис тұрғындары мен қонақтарын осы акцияға қосылып, әнұран шырқалған кезде барлық тәртіп ережелерін сақтай отырып, мемлекеттік гимнді орындауға шақырады.
Қала тұрғындары мемлекеттік әнұранды саябақтар мен скверлер, жаяу жүргіншілер көшелері, метро станциялары мен вагондар аумағында, СОСО, «Медеу» биік таулы кешені мен «Шымбұлақ» курорты, сондай-ақ «Көктөбе» саябағында тыңдай алады.
Акцияның мақсаты – азаматтық пен патриоттыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, елдің мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ олардың мән-маңызын түсіну.