Оның айтуынша, Рамазан – міндетті мұсылман айы. Бұл Исламның бес тірегінің бірі әрі қасиетті діннің негізі.
«Рамазан – ұстамдылық айы. Бұл тамақ пен ішуден ғана емес, күнә мен зұлымдықтан да бас тарту уақыты. Хадисте былай делінген: «Жаман сөз бен жаман істерден тыйылмайынша, ішіп-жеуден тыйылған адамға Алла тағала мұқтаж емес». Сондықтан ашығу – Оразаның талаптарының бірі», – деп түсіндірді Төлеби Оспан.
Еске салайық, биыл қасиетті Рамазан айы 2 сәуірде басталады. Ораза 30 күнге созылады. Пітір-садақаның мөлшері 500 теңге. 27-28 сәуірге қараған түні Кадр түні.