Алматының бас көшелерінен қырып алынған ескі асфальт кәдеге жарайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшелеріндегі ескі асфальт кәдеге жарайды, оны топырақ жолдарға төсеуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыкөшелерінен шыққан ескі асфальттың 80%-ы топырақ жолдардың үстінгі қабатынатөсеу үшін қолданылады. Аудан әкімдіктерінің өтініші бойынша 6 мың тоннаданастам ескі асфальт үгіндісі инженерлік коммуникациялар жүргізілген шағынаудандардың жолын қалпына келтіру үшін пайдаланылды.

Бұл материалдарДостық, Абылай хан даңғылдары мен Гоголь, Мақатаев және Наурызбай батыркөшелерінен шықты. Қырып алынған асфальтбетон 100-ден астам көшеге қолданылды.

Сонымен қатар,жол айырығындағы 35 мың шаршы метр плита алынды. 11 мың шаршы метрітоннельдердің түбіне төселді. Қалғаны аудандық әкімшіліктер мен «АлматыТазалық» ЖШС-ға берілді.

Қала ішіндегіжолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу кезінде 19 мың метр жол жиегі де қайтақалпына келтірілді. Бүлінбеген гранит бордюрлер «Алматы Тазалық» ЖШС қоймасындасақталады. Қайта қолдану үшін мекемелер тапсырыс беру қажет.