Алматының бас полицейі Ксения Ашығалиеваға қатысты істің мән-жайын айтты

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев әнші Ксения Ашығалиеваның ісіне қатысты тергеу шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 110-бабы (қорлық көрсету) сотқа дейінгі тергеуамалдары басталды. ПД тергеу басқармасы ҚР ҚК-нің 126-бабының 2-бөлігімен(бас бостандығынан заңсыз айыру) қосымша іс қозғады. Бауыржан Ашығалиев уақытшаұстау оқшаулағышына қамалды. Жақын арада оған қатысты бұлтартпау шарасықабылданады»,- деді Серік Күдебаев.

ПД басшысы тергеу жұмыстарының объективті өтуінекепілдік беретінін атап өтті.

«Қылмыс болғанжер - үйдің жертөлесі тексерілді. Дәлелдер базасыжиналды. Бетпе-бет кездесулер ұйымдастырылды. Ашығалиеваның өтінішіментөбелеске араша түскен куәгерден жауап алынды. Сол кезде қасындаболған күдіктінің досы да жауап берді. Ол іске куәгер ретінде қатысады.Тергеудің осы кезеңінде Ксения Ашығалиеваның айтқандарын бәрі растап отыр.Айыпты адамдар міндетті түрде жазасын алады», - деді Серік Күдебаев.

Мұның алдында Ксения Ашығалиева өзінің күйеуіБауыржан Ашығалиевтің ұрып-соққанын айтып Фейсбуктегі #НеМолчиKZ тобынашағымданған еді.

Қылмыстық істі тексерупроцесін полиция департаментінің басшысы өзбақылауына алды.

Ксения Ашығалиева «Jackpot» тобының әншісі болса, оның күйеуі БауыржанАшығалиев осы топта гитарашы.

Соңғы жаңалықтар