АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова маска тағудың қажеті жоқ екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, маскамен жүру - профилактикалық шаралардың бірі ғана.
«Мен эпидемиолог ретінде айтарым, сыртта жүрген кезде, егер жаныңызда адам болмаса, жалғыз келе жатсаңыз, маска тағудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Ал жабық ғимаратта болсаңыз керісінше, маска тағу керек», - дейді Айзат Молдақасымова.
Сонымен қатар, ол Алматыда карантин режимі енгізілгеннен бері коронавирусты жұқтыру саны төмендегенін атап өтті.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.