АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының бас санитарлық дәрігері болып Қарлығаш Әбдіжаббарова тағайындалды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бұйрығымен 2022 жылдың 12 қаңтарынан бастап департамент басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Қожаназарқызы Әбдіжаббарова жаңадан Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері айқындалғанға дейін Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болып тағайындалды», -делінген хабарламада.
Еске салайық, Жандарбек Бекшин зейнетке шығуына байланысты қызметінен босатылды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.