Осы мерекелік оқиғаға орай Республика алаңында театрландырылған қойылымдар мен қазақстандық эстарда жұлдыздарының қатысуымен концерт өткізіліп, балалар үйіндегі жеткіншектерге жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.
Қаланың басты шыршасының алауын жағу салтанаты Алматы қаласының әкімі А.Есімовтың қатысуымен өтті. Ол қала тұрғындарын келе жатқан мейрамдарымен құттықтады, содан кейен қаланың жаңа жылдық мерекеге дайындығымен танысу үшін қаланы аралады. Естеріңізге сала кетсек қала әкімдігі Азиада-2011 қарсаңында қаладағы ғимараттардың ең жақсы безендірілуі жөнінде байқау жариялаған болатын.
Әкім барлық ұйымдар мен мекемелерді еліміз үшін маңызды оқиғаға атсалысып, мерекелік байқауға қатысуға шақырды. Ол қала тұрғындарымен сырттан келетін қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлау үшін Алматыны әрлендіруге көңіл бөлу керектігін баса айтты.