Алматының бір ауданында үш емдеу мекемесі салынады
Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде құрылыс медициналық қызметтердің сапасын арттыратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құрамыс шағынауданындағы бірінші емхана бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Қазан айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын аламыз деп ойлаймын. Қаржының бөлінуіне қарай құрылысты 2024 жылдың I-ші тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз», - деді ол.
Сонымен қатар, ол екінші емхана бойынша Шұғыла шағынауданында жобалау ұйымымен шарт жасалғанын атап өтті.
«Осы жылдың IV-ші тоқсанында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу көзделіп отыр, құрылыс 2024 жылдың көктемінде басталады. Бұған қоса, Ақжар шағынауданындағы 200 орындық дәрігерлік амбулатория бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Құрылыс шамамен 2024 жылдың II-ші тоқсанында басталады»,- деді Ерболат Досаев.