Алматының бірқатар аудандарында қазанның 12 күні суық су беру уақытша тоқтатылады

АЛМАТЫ. 10 қазан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы су холдингі қала тұрғындарына су құбырларында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты қазанның 12-і күні уақытша суық су берудің тоқтатылатындығын хабарлайды.

Аталмыш ведомстваның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 қазан күні сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін Байзақов - «Үлкен Алматы» өзені - Абай даңғылы - Сәтбаев; Абай даңғылы - Жамбыл - Манас - Қожамқұлов көшелері; Абай даңғылы - Қожамқұлов - Қарасай батыр - Розыбакиев көшелері; Абай даңғылы - Шәкәрім - Брусиловский - Варламов көшелері шаршысында және оның ішіндегі тұрғын үйлер, мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық ұйымдарға суық су беру тоқтатылады.

Сондай-ақ, бұл күні № 105, 140,18 мектептер, Спорттық мектеп интернаты, Баспа училищесі, «Арман» оқыту-тәрбие кешені, Абай 54а даңғылындағы музыка мектебі, «Тұран» лицейі, Манас 12-гі музыка колледжі, №72,9-шы балабақшалар, Республикалық СЭС, Мемлекеттік академиялық би театры мен мүгедек балаларға арналған орталық сусыз қалмақ.

Бұнымен қатар, 08:00 ден 22:00 -ге дейін Алтай-1 ықшам ауданындағы №1-18,21-26,39,50а, 12,11а үйлерге, Лавренев көшесіндегі № 19-26, Майлин көшесіндегі № 67,69,71,72,73,75,77,80 тұрғын үйлерге, Мирная, Захаров, Новокузнецкая, Көбеев, Тоқай көшелеріндегі жеке тұрғын үйлерге, сонымен қатар, № 115,78,89 мектептер мен № 119 балабақшаға су беру тоқтатылады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін Алматы су холдингі қала тұрғындарынан кешірім сұрайды.