Аталмыш ведомстваның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 шілде күні сағат 09:00 ден жұмыс күні аяқталғанша Құрманғазы - Қабанбай батыр - Байтұрсынов - Шагабутдинов көшелері шаршысында суық су беру тоқтатылады. Атап айтқанда, Шагабутдинов көшесіндегі 2 қабатты тұрғын үйге, Онкология институтына, осы секторда орналасқан жатақханаларға, сонымен қатар, "Қарлығаш" және "Луч" тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығына және "Грация" сұлулық салонына су беру тоқтатылады.
18 шілде күні сағат 08:00 ден 20:00 -ге дейін, Рысқұлов - Сүйінбай атындағы- Кожедуб- Папанин көшелері; Сүйінбай - Кожедуб - Потанин - Енисейская көшелері; Сүйінбай - Енисейская - Староэлеваторная - Элеваторная көшелері; Станционная - Боралдай - Аймауытов - Сүйінбай көшелері; Сейфуллин - Майборода - Байкальская - Аймауытов көшелерінің тұрғындарына су беру тоқтатылады.
Сондай-ақ, Потанин, Ш. Руставели, Папанин, Аральская, Цимлянская, Якубов, Ереванская, Флотская, Қазақпаев, Янка-Купала, Тихая, Таштитов, Громов, Беляков, Боралдай, Стасов, Жансүгіров көшелеріндегі жеке тұрғын үйлер де сусыз қалмақ. Осы шаршыда орналасқан Сүйінбай көшесіндегі № 201,203,205 - 2 қабатты үйлер, Ереванская, Элеваторная көшесіндегі 3 қабатты үйлерде де суық су өшіріледі.
Алматы су холдингі сонымен қатар, бұл аумақта Темір жол ауруханасы, «Алматы -1» базары, «Алматы -1»- теміржолы, № 9 емхана мен № 4 қалалық ауруханасы, № 162 мектеп, сонымен қатар, № 65,15, 214 бала бақшалары, зағиптар қоғамы, өрт сөндіру бөлімі, АІІД, теміржол полициясы, аудандық ХҚК орталығы, № 11өрт сөндіру орталығы мен Меркур нан зауытына, сондай-ақ, «Манго» сауда орталығына, Хюндай -орталығы мен «Людмила» қонақүйіне суық су беру тоқтатылатынын хабарлады.