Алматы қаласы Білім басқармасы Алатау ауданы «Заря-Восток» ықшамауданындағы №150 мектепте, Бостандық ауданы Нұрлытау ықшам ауданындағы №190-шы және «Қазақфильм» ықшам ауданындағы №88, №70 мектептерде сабақтарды уақытша тоқтатқан.
Сонымен қатар, Білім басқармасының шешімімен Наурызбай ауданы Қарағайлы ықшам ауданындағы №192 мектеп пен Медеу ауданы Алатау ауылындағы №7 мектепте бастауыш сыныптары мектепке бармайтын болды.
Ләззәт Жылқыбаеваның айтуынша, бұл мектептер Алматының тауға жақын ықшам аудандарында орналасқан.
«Мәселен, «Қазақфильмде» таңғы 5-те -29 градус болған. Осыған байланысты таңертең бірқатар мектепте бастауыш сыныптарда сабақ тоқтату туралы шешім шығардық», - деді ол.
Айта кетейік, кеше Алматы қаласы бойынша ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Сандуғаш Баймұхамбетова -25 градус аязға екпінді жел қосылғанда Алматы мектептеріндегі бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылатынын ескерткен болатын.