АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының бірнеше ауданында абоненттер жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін сағат 17: 42-де «Алатау жарық компаниясы» АҚ жұмыс істейтін аймақта «KEGOC» АҚ-ның үш желісі (500 кВт) істен шықты. Соның салдарынан Алматы қаласының бірнеше ауданы жарықсыз қалды.
«Электр желісін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Сағат 19: 40-та тұтынушыларға жарық беру жоспарланған. Жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын «Алатау жарық компаниясы» АҚ жүзеге асырады», - делінген хабарламада.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.