«Жапқыш-реттеуші құрылғыларды ауыстыру мен оларды қондыру жөніндегі жоспарланған жұмыстарды жүргізу қажет болғандықтан, 17 мамыр күні сағат 09:00-ден сағат 20:00-ге дейін «Алтай-1», «Алтай-2», «Әлмерек», «Жұлдыз-1», «Жұлдыз-2» ықшам аудандарында, сонымен қатар, Камышинская, Песчанная, Рыбинская, Тбилисская көшелері шаршысында суық су беру тоқтатылады» делінген хабарламада.
Сонымен қатар, суық су беру қызметі уақытша тоқтатылған кезде медицина және білім беру мекемелері арнайы автоцистерналар арқылы сумен қамтылмақ.
Арайлым Жолдасбаева