«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, Жетісу ауданында орналасқан бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су беру бір түнге тоқтатылады.
«Шілденің 3 күні кешкі сағат 21:00-ден таңғы сағат 8:00-ге дейін Алматы қаласының Жетісу ауданында орналасқан Райымбек - Гончаров - Рысқұлов - Казаков - Бродский көшелерінің қиылысында орналасқан бірқатар тұрғын үйлерге және басқа ғимараттарға ыстық су беру шектелетін болады», - деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.
Компанияның мәліметінше, шектеулер алдағы жылыту маусымына дайындыққа байланысты енгізілді.