«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, Жетісу ауданында орналасқан бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су беру 3 күнге тоқтатылады.
6 қыркүйек пен 9 қыркүйек аралығында Көкжиек шағын ауданы – Геологов көшесі – Первомайская мұнай базасы көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су берілмейді», - деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.
Компанияның мәліметінше, шектеулер «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС қазандығына газ жеткізілетін құбырлардағы жоспарлы жұмыстарға байланысты енгізілді.