АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ертең Алматының бес шағын ауданында бір күн суық су болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Алматы су» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына сілтеме жасап.
23 қаңтар күні таңғы сағат 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін М.Әуезов ауданының № 6, 9, 10, 10-А, 11 шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.
«Суды өшіру магистраль желілеріне жаңа су құбырларын қосу үшін және желідегі технологиялық құрал-жабдықтарды ауыстыру үшін қажет», - деп хабарлады «Алматы су» кәсіпорны.
«Алматы су» кәсіпорны уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрайды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.