Кешқұрым Алматының Бостандық ауданында Геологқұрылыс аумағындағы қосалқы стансыда қуаттылығы 10000 Вт №6 вакуумдық трансформатор өртенді. Жалынның тараған аумағы 100 шаршы метрді құрады.
Салдарынан аталмыш ауданның батыс бөлігінде электр жүйесінің сөнуі болды - олардың арасында Тимирязев - Жароков - Әл-Фараби - Розыбакиев көшелерінде орналасқан екі насосты стансы, алты медициналық мекеме мен тұрғын үй секторы бар. Өрттің таралуы 22.20-да тоқтатылып, 23.40-та толығымен жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.