«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, 2021 жылдың 15 шілдесінде Бостандық ауданында орналасқан бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су тоқтатылады.
15 шілде күні таңғы сағат 9:00 – ден кешкі сағат17:00 -ге дейін мына көшелерде ыстық су болмайды:
Әл -Фараби- Науаи- Торайғыров- Үлкен Алматы.
Компанияның мәліметінше, уақытша шектеулер су жылыту жабдықтарын жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіліген.
Бұған дейін, 2-16 шілде аралығында Түрксіб ауданында орналасқан Хмельницкий, Куйбышев,Бакинский,Староэлеваторская, Папанина, Ереванская, Стальского, Сүйінбай, Кассина, Жұмабаев, Бехтерева, Шереметьева көшелерінде ыстық су болмайтыны туралы жазған болатынбыз.