Қылмыс қаланың дәл ортасында – Медеу ауданының көпқабатты үйлерініңаумағында тіркелген.
«Олар өз жайымен кетіп бара жатқан жасөспірімді көріп қалып, оның затынтонап кетпек болған. Алайда баланың қалтасында тек ұялы телефоны болған. 19және 20 жастағы үш жігіт зорлықпен әлгі баланың «Galaxy J4 » маркалы ұялытелефонын тартып алған», - деді Алматы қаласының Медеу аудандық полициябасқармасының бастығы, полиция майоры Болат Тотыбаев.
Зардап шеккен баланың әкесі ақыры полицияға арыз түсірген. Осыдан кейін-ақжедел күштер қарақшыларды ұстауға жұмылдырылған. Жәбірленушіге келтірілген зиян80 мың теңге екені белгілі болып отыр.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінң 191-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарыжүргізілуде. Ұсталған үш күдіктінің есімдері белгілі болды. Үшеуі де Алматықаласының Полиция департаментіне қарасты уақытқа оқшаулағышына қамалды.